БҰҰ Норвегияны адами дамуы ең жоғары ел деп атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегия, Швейцария мен Аустралия БҰҰ тұжырымы бойынша адами даму деңгейі ең жоғары елдердің алғашқы үштігіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған халықаралық ұйымның жұма күні жария еткен «Адами даму индекстері мен индикаторлары» баяндамасында келтірілген деректер дәлел бола алады.

Баяндамада 189 елдің рейтингі ұсынылған. Олар төмендегідей параметр бойынша бағаланған: өмір сүру ұзақтығы, орташа білім беру ұзақтығы, адам басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім.

Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Ирландия, Германия, Исландия, Гонконг, Швеция, Сингапур мен Нидерланды кірген. Рейтингті Нигер, Орталық Африка Республикасы, Оңтүстік Судан, Чад және Бурунди тұйықтап тұр.

Соңғы жаңалықтар