БҰҰ-ның қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құру қажет - Н.Назарбаев

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құру қажет. Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші мерейтойлық сессиясының жалпы пікірталасында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай ұсыныс жасады.

БҰҰ-ның қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құру қажет - Н.Назарбаев

«Терроризм мен діни экстремизмнің қаупі жаһандық ауқымға жайылып барады. Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құруды ұсынамын», - деді Елбасы.

Қазақстан Көшбасшысы бұл міндетті жүзеге асыру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы терроризммен күрес жөніндегі мәселенің бәрін қамтитын құжатын әзірлеп, қабылдау қажеттігін айрықша атап өтті.