БҰҰ өкілдері Алматыда трансшекаралық өзендер мәселесіне арналған семинар ұйымдастырмақ

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азиядағы қарама-қайшылықтарды реттеу жөніндегі дипломатиясының аймақтық орталығы сәуірдің 19-ы мен 21-і аралығында Алматыда семинар ұйымдастырмақ.
None
None
Бұл туралы бүгін Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың қабылдауынан соң журналистерге берген сұхбатында аталмыш орталықтың басшысы Мирослав Енча мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Онда трансшекаралық өзендердің құқықтық базасы мен су көздеріне қатысты халықаралық тәжірибе жөніндегі кең ауқымды мәселелер талқыланады. «Аталмыш шараны Орталық Азия елдерінің барлығы қолдап отыр. Осыған орай семинар күн тәртібіне қойылып отырған проблемаларды шешуге айтарлықтай септігін тигізеді деген ойдамын», деді Мирослав Енча.
Соңғы жаңалықтар