БҰҰ Рим саммитінің декларациясын сынға алды

АСТАНА.  Қарашаның  17-сі.  ҚазАқпарат -  Біріккен  Ұлттар Ұйымының Азық-түлік  ұйымының  басшысы   Жак Диуф    ашаршылықпен   күрес  мәселелері  бойынша Римде  өтіп жатқан  саммиттің  қорытынды декларациясын    сынға алды, 

БҰҰ  Рим саммитінің  декларациясын  сынға алды

деп   хабарлайды «Азаттық»  радиосы.

 Диуфтың айтуынша, ашаршылықты  түп-тамырымен жою   жөніндегі  жедел іс-қимылдарға   үндейтін   құжатта     нақты  ұсыныс    жоқ   және      проблемаларды шешудің   нақты мерзімдері аталмаған.

 Ақпарат   агенттіктері  сондай-ақ        дамушы елдердің  ауыл шаруашылықтарын қолдауға жыл сайын  40 миллиардтан  астам   доллар бөліп  тұру  туралы  БҰҰ-ның  үндеуін  халықаралық саммитке  қатысушылардың  қабылдамағанын      атап  көрсетуде.

 БҰҰ-ның бағалауынша,    әлемде   аш-жалаңаштардың саны 1 миллиардтан  асады.