БҰҰ: Йеменнің миллиондаған тұрғындары аштықтан қырылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Марк Лоукоктың мәлімдеуінше, Йеменге соңғы онжылдықтағы аса ірі аштық қаупі төніп тұр. 
None
None

Бұл туралы Reuters хабарлады.

Лоукок, егер Сайд Арабиясы басқарған коалиция  Йеменге  жберілетін гуманитарлық көмекке бөгет жасар болса, бұл елдегі аштық миллиондаған адамның өмірін қиып кететіндігін ескертті.

Бұдан бұрын Эр-Риядқа қарай зымыран ұшырылғандықтан коалиция Йеменнің барлық порттарын жабатындығын мәлімдеген болатын.

Осының салдарынан БҰҰ елге гуманитарлық көмекті жеткізе алмай отыр.

 

Соңғы жаңалықтар