Былтыр 155 мың жұмыссыз жас еңбекпен қамтылды

АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамту органдары 2009 жылы 16 мен 24 жастың аралығындағы 155 мың жұмыссыз жасты еңбекпен қамтыды, бұл жұмысқа мұқтаж 196 мың жастың 80 пайызға жуығын құрайды.
None
None

Оған қоса, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының аясын кеңейту есебінен жергілікті атқарушы органдар 35,2 мың түлекті уақытша жұмыс орындарына жолдауды қарастырды. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 3,2 миллиард теңге бөлініп, тәжірибеден өтушінің орташа жалақысы 15 мың теңгені құрады.

13 мыңдай жұмыс берушімен келісімшарт жасалып, соған сәйкес 50 мыңнан астам адам тәжірибеден өтуге жіберілді, оның 10 мыңға жуығы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың 44 пайызын - жоғары оқу орындарының түлектері құрады.

Айта кету керек, аталмыш бағдарлама биыл да Жол картасы аясында жалғасын табады. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 3,2 миллиард теңге қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар