Былтыр елімізде 1 трлн. 640,2 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді

АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері 1 трлн. 640,2 млрд. теңгеге өндірілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі республика бойынша 13,9 пайызға өсті. Аталмыш өсім өсімдік шаруашылығы өнімінің 23,5 пайызға және мал шаруашылығы өнімінің 2,4 пайызға артуымен негізделеді. Сонымен бірге, есепті кезеңде өсімдік шаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемі 936,3 млрд. теңгені құраса, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 123,5 пайыздық көрсеткіш болып отыр. Ал мал шаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемі 703,3 млрд. теңгені құрайды, бұл алдыңғы жылға қарағанда 102,4 пайыз.

Соңғы жаңалықтар