Былтыр елімізде ажырасулар саны 50 мыңға жуықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр елімізде 150 мыңға жуық неке тіркелді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінде хабарланды.
None
None

«2014 жылғы қаңтар-қарашада АХАТ органдары 147,3 мың неке қию туралы акті жазбасын ұсынды. 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 5,1 пайызға азайды. Бұл 2014 жылғы қаңтарда жылғы қаңтарда 2013 жылғы қаңтарға қарағанда алдыңғы жылы тіркелген актілерді кеш беру фактілерінің саны аз болуына байланысты болды», - делінген комитет мәліметінде.

Белгілі болғандай, 2014 жылғы қаңтар-қарашада ажырасулар саны 48,4 мың (2013 жылы 47,3 мың) болды және 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,3 пайызға көбейді. Ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 3,06 бұзылған некені құрады.

Соңғы жаңалықтар