Былтыр елімізде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6 трлн. 574,7 млрд. теңгені құраған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6 трлн. 574,7 млрд. теңгені құрап, аталған көрсеткіш 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 3,9 пайызға артты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Министрліктің мәліметіне қарағанда, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 102,8 пайыз құрады. Сонымен қатар, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18 трлн. 492,8 млрд. теңгеге жеткен. Бұл ретте кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі - 0,3 пайыз, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,5 пайызға төмендеген. Ал өңдеу өнеркәсібінде - 1 пайыз, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 2,3 пайызға артты.

Бұдан бөлек, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2 трлн. 509,9 млрд. теңгені құрап, көрсеткіш 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 0,8 пайызға артты. Есепті кезеңде көлік саласы бойынша нақты көлем индексі 107 пайызды құрды. Сонымен қатар, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 487,4 млрд. тонна-шақырым (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1,2% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 249,6 млрд. жолаушы-шақырымды құрап, 6,8 артқан.

Сондай-ақ, есепті кезеңде «байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 108,5 пайыз құраса, «сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 109 пайыз болды. Ал қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымын қоспағанда) 6 трлн. 20,8 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 12,1 пайызға өскен.

Соңғы жаңалықтар