Былтыр еліміздегі байланыс қызметтерінен түскен табыс 582,7 млрд. теңгені құрады - Статистика агенттігі
АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - 2011 жылы байланыс қызметтерінен түскен табыстар 582,7 млрд. теңгені құрады. Бұл салыстырмалы бағаларда 2010 жылғы мөлшерге 23,3 пайызға көп.
Сонымен қатар, пошталық және курьерлік қызметтерден түскен табыстар 13,9 пайызға артты. Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, халыққа байланыс қызметтерін көрсетуден түскен табыстар 398,4 млрд. теңгені құрады (байланыс қызметтерін көрсетуден түскен табыстардың жалпы көлемінің 68,4 пайызы) және 2010 жылмен салыстырғанда 10,7 пайызға артты. Байланыс қызметтерін көрсетуден түскен табыстар құрылымындағы негізгі үлесті ұялы байланыс қызметтері алады, бұл - 294,7 млрд. теңгені (50,6 пайыз) құрайды. Ұялы байланыс абоненттерінің саны 2011 жылы 25240,4 мың бірлікті құрады, оның ішінде деректерді табыстауға қатынауы бар ұялы байланыс абоненттерінің саны - 10246,4 мың бірлік (ұялы байланыс абоненттерінің жалпы санының 40,6 пайызы).
Сонымен қатар, тіркелген Интернет абоненттерінің саны 2011 жылы 1261,5 мың бірлікті құраған және бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 27,9 пайызға артты. Жоғары жылдамдықты кең жолақты қатынауды қолданатын Интернет абоненттері 1193,4 мың бірлікті құрады (Интернет абоненттерінің жалпы санының 94,6 пайызы). Абоненттер санының көбеюі Интернет қызметінен түсетін табыстардың өсуіне айтарлықтай әсер етіп, бұл 2010 жылмен салыстырғанда тұтастай алғанда 53,2 пайызға көбейді.