Былтыр еліміздің денсаулық сақтау саласына 380 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді - Ж. Досқалиев

АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2008 жылы еліміздің денсаулық сақтау саласына 380 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесіне бөлініп жатқан мемлекеттік шығындардың көлемі артып келеді. Мәселен, 2004 жылы салаға 134,7 млрд. теңге шығындалса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 377,5 млрд. теңгеге дейін жетті. Бұл Ішкі жалпы өнімнің 2,4 пайызы», деді бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің былтырғы жылдың қорытындысына арналған алқада министр Жақсылық Досқалиев. Оның айтуынша, осылайша денсаулық сақтауға бөлінген шығын жан басына шаққанда өткен жылы 24 мың 251 теңгеге жеткен. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне арналған қаржының көлемі былтыр 227,9 млрд. теңге болған. Бұл еліміздегі бір адамға шаққанда 14 мың 639 теңгеден келеді", деді министр.
Соңғы жаңалықтар