19:09, 20 Қаңтар 2015 | GMT +5
Былтыр Қазақстанда «Қызыл кітапқа» енген жануарларды атқан 21 адам ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Қазақстанда «Қызыл кітапқа» енген жануарларды атқан 21 адам ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарлады.
Белгілі болғандай, 2014 жылы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің органдары «Қызыл кітапқа» енген жануарларға қаскөйлік жасаудың 10 фактісін анықтады. Осы фактілер бойынша Қазақстанның табиғат қорғау заңнамасын бұзған 21 адам құрықталды. Заңсыз аңшылық бағытында браконьерлер негізінен қарақұйрықтар мен арқарларды аулаған. Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары тарапынан қылмыстқ істер қозғалып, сот шешімімен үш адам екі жылға бас бостандығынан айырылды, екеуі шартты түрде сотталды. Қалғандарына жануарлар әлеміне келтірген шығынның орнын толтыру талап-арыздары берілді.