Былтыр Қазақстанда парақорлар алған паралардың жалпы сомасы 38 млн. 400 мың теңгені құрады - Қаржы полициясы

АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2008 жылы Қазақстанда парақорлар 38 млн. 400 мың теңге сомасында паралар алған. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті,

Былтыр Қазақстанда  парақорлар алған паралардың жалпы сомасы 38 млн. 400 мың теңгені құрады - Қаржы полициясы
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, параның ең ірісін, 58 мың АҚШ долларын Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономика департаменті директорының орынбасары Мамытбекова алған. Қазіргі таңда ол мүлкі тәркілену арқылы 5 жылға бас бостандығынан айырылған.