Былтыр құрылыс бағалары 4,5 пайызға өскен - Статистика агенттігі

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметтері бойныша, 2009 жылғы желтоқсанда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағалар құрылыс-монтаж жұмыстарына 4,4 пайызға, машиналар мен жабдықтарға - 4,2 пайызға, өзге де жұмыстар мен шығындарға - 5,2 пайызға өскен. Дегенмен де, былтырғы жыл ішінде құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялар 0,7 пайызға арзандады. Әк 6,1 пайыз, портландцемент - 4,5 пайыз, шойыннан жасалған құбырлар - 2,6 пайыз, болаттан жасалған шыбықтар, бұрыштар мен пішіндер - 2,2 пайыз, құм - 1,7 пайыз, сымдар мен кабельдер - 1,6 пайыз, тауарлық бетон - 1,1 пайыз, құрылыстық ағаш конструкциялар - 1 пайыз, қалыптастырылған табақты шыны - 0,5 пайыз арзандаған.
Ал зертастық қыш тақтайшалар 3,6 пайызға, минералдық мақтадан жасалған тақталар - 3,2 пайызға, мұнай битумы - 1,9 пайыз, қыш кірпіші - 1 пайыз, бояулар - 0,5 пайызға қымбаттады.