Былтыр Маңғыстау облысында 18,5 млн тонна мұнай мен газ өндірілді - А. Айдарбеков
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Маңғыстау облысында 18,5 млн. тонна мұнай мен газ өндірілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев осылай мәлім етті.
Өңір басшысының сөзіне қарағанда, облыс тұтастай алғанда Елбасы белгілеген тапсырмалар мен бағдарламалар аясында дамып келеді. «Қабылданған шаралар сапалы экономикалық өсуді, индустриялды-инновациалдық даму бағдарламасын одан әрі жүзеге асыруды, халықтың тұрмыс жағдайын және өмір сүру деңгейін жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталды. Мұны былтырғы жылдың макроэкономикалық көрсеткішкерінің оң динамикасы айғақтап отыр», - дейді әкім.
Оның айтуынша, баға мен сұраныстың төмендеуі мұнай саласына да біршама әсер еткен. Мәселен, облыстағы мұнай компаниялары техникалық және сервистік қызметтер шығынын оңтайландыруға кірісіп отыр. Сонымен қатар, баға мен конъюнктуралық қысымға байланысты кәсіпорындар инвестициялық бағдарламаларын кейінге қалдырып, өндіріс пен еңбек өнімділігін арттыруға күш салуда. Екінші жағынан, кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 454 млрд теңгені құраған.
«Жалпы алғанда, Маңғыстау облысында 2015 жылы мұнай мен газ өндірісінің жоспары орындалып, 18,5 млн тонна өнім өндірілген. 2015 жылы «Шағырлы-Шөмішті» жаңа газ кен орнының ашылуы табиғи газ өндірісін 1 млрд шаршы метрге ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осылайша, өңірде газ өндірісінің жалпы көлемі 2,5 млрд текше метрге жетіп отыр», - деді А. Айдарбеков.