Былтыр республикалық бюджетегі 3,7 триллион теңгелік салықтық түсімдердің 1,2 триллионы Алматыдан түсті - А. Есімов

«Бүгінгі күнге дейін қала 480 миллиард теңгенің салықтық түсімдерін жинады. Алғашқы жартыжылдықтың соңында ол 520 миллиард теңгеге жетеді. Былтыр 1 триллион 27 миллиард жинағанбыз. Бұл бес жыл бұрын бүкіл республика жинаған көрсекішпен тең», - дейді А. Есімов. Қала әкімінің айтуынша, өткен жылы республикалық бюджетке жиналған салықтық түсімдер 3,8 триллион теңгені құрап, оның 1,2 триллионы Алматының еншісінде болды. Астананың ауысуына байланысты 1998 жылы қабылданған «Алматының ерекше мәртебесі туралы» заңға жаңа өзгеріс енгізу туралы қалалық әкімдіктің өтінішіміз әзірге аяқсыз қалып отыр. Қазір қала республикалық бюджетке 1 триллионнан астам теңге береді, ал қала бюджетінің көлемі 280 миллиард теңгені ғана құрайды. Оның 150 миллиарды жергілікті бюджетке тікелей түссе, 120 миллиардын қажеттіліктер үшін Үкіметтен сұрап алып отырмыз.