Былтырғы жылы «жалған кәсіпкерліктен» келген тікелей зиян 100 млрд. теңгеден асты - Есеп комитеті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сөз арасында былтырғы, 2009 жылы жаңа Салық және Бюджет кодекстері жүзеге аса бастағанына тоқталған Комитет төрағасы, қолданыстағы салық заңнамасын қолдану күрделі болғандықтан салықтық әкімшілік жүргізу нашарлағанын, салық төлеушілердің талап-арыздары бойынша ұтылған сот процестерінің саны арта түскенін атап өтті. Мәселен, салық органдары лауазымды адамдарының заңсыз қабылдаған актілері салдарынан келтірілген зиян Үкіметтің резерві есебінен 342,4 млн. теңгеге өтелген. Бұл ретте Үкімет осы органдардың кінәлі лауазымды тұлғаларына қаражаттың орнын регрес тәртібімен толтыру бойынша шаралар қолданбаған.
«Салықтық әкімшілік жүргізуді босаңсыту жалған кәсіпкерлік арқылы салық төлеуден жалтарудың түрлі жолдарын туындатады. Осы ретте салық заңнамасында бұндай әрекеттердің алдын алатын нормалар қарастырылмағанын атап өткен орынды. Біздің тексерулерімізде көрсетілгендей, былтырғы жылы еліміздегі «жалған кәсіпкерліктен» келген тікелей зиян 100 млрд. теңгеден асты», деді О. Өксікбаев.