Бюджет қаржысын жымқырған селолық округ төрайымының үстінен қылмыстық іс қозғалды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданы аумағындағы «Садовый » селолық округ төрайымы К. есімді азаматша жалған құжатпен бюджет қаржысын талан-тараж еткен,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес басқармасының деректеріне сілтеме жасап. Лауазымды қызметкер ауылда ірге тасы ғана қаланған 12 пәтерлі үйді іске қосып, тұрғындар игілігіне жаратуға уәде беріп, қажетті құжаттарды толтырады. Айғақты дәлелдер бойынша бюджеттен 4,5 миллион теңге қаржы қарастырылады. Тендер жарияланып, қауырт жұмыс басталғандай да сыңай байқалады. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа бармады. Бой түзеген үй жоқ. Соған орай, аудандық прокуратураның анықтамасына сәйкес, қаржы полициясы тергеу амалдарын жүргізіп, құрылысқа бас-аяғы екі миллион теңгенің жұмсалғандығын дәлелдеді. Қазір күдіктінің үстінен ҚР ҚК-інің 314-ші және 176-шы баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал, Жақсы ауданында Жақсы кентінің бұрынғы әкімі, қазіргі кезде аудандық мәслихаттың қызметкері С. есіміді лауазымды тұлға жалған құжатпен бөгде адамның пәтеріне иелік еткен. Ауданаралық қаржы полициясы бөлімі лауазымды қызметкерді ҚР ҚК-інің 314-ші бабының 3-ші тармағы негізінде жауапқа тартуда.
Соңғы жаңалықтар