Бюджет қаржысының толық игерілмеуіне оның жетік жоспарланбауы басты себеп - Қ.Жаңбыршин

«Оның бірнеше себебі бар. Дегенмен, меніңше, бұл орталықта да, жергілікті деңгейде де бюджеттің сапасыз жоспарлануы. Мен мұны Парламентте де, Үкіметте де айтқан едім. Сапасыз болуы бюджет қаржысы шығындарын жоспарлайтын азаматтардың кейде барынша құзіретті болмауынан шығар», - деген Қ.Жаңбыршин.
Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасының пайымынша, қаржыны толық игермеудің себебі - бюджет шығыстарын жоспарлайтын органдардың заңнамалық тұрғыда жауапкершілігінің болмауы. Бюджет қаржысы толық игерілмеген жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жазаға тартылады. Ал оны жоспарлаушы жазадан тыс қалып отырады.
Қ.Жаңбыршин кей уақытта бюджет қаржысының жобалық-сметалық құжаттары да дайын емес жобаларды жүзеге асыруға бөлінетіндігіне қынжылыс білдірді. Бұл да бюджет қаржысының толық игерілмеуіне себепкер болуда.