Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бюджетке 45 млрд. 816,2 млн. теңге кедендік төлемдер мен салықтар түсті - ОҚО

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің 2013 жылға арналған жоспары толық орындалды.

Бюджетке 45 млрд. 816,2 млн. теңге кедендік төлемдер мен салықтар  түсті - ОҚО

Бұл туралы ОҚО КБД баспасөз қызметінен хабарлады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша жіберілген болжам тапсырма 102,4 пайызға орындалды. ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің болжам жоспары 44 млрд.741,7 млн. теңге болса, ел қазынасына 45 млрд.816,2 млн. теңге кедендік төлемдер мен салықтар түсті.

2012 жылмен салыстырғанда кедендік төлемдер мен салықтар 11 млрд. 295,4 млн.теңгеге немесе 32,7 пайызға артық өндірілді.