Бюджеттен бөлінген қаржының 170 млрд теңгесі игерілмеген - Н. Назарбаев

Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Бюджеттің толық емес сапасыз игерілуі айтарлықтай проблемаға және соңғы уақытта қандай да бір нормаға айналып отыр. Алдын ала болжам бойынша игерілмеген қаржы көлемі 150 млрд теңгені құрайды. Бұған қоса, 20 млрд теңге қосымша алынған. Қорытындысында, 170 млрд теңге» деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, Үкімет аталған қаржыны қайта бөлуге өтініш жасаған. «Бұл ақшаны тесіктерді бітеу үшін жұмсаудың қажеті жоқ,оны кейінге қалдырылмайтын мұқтаждыққа жұмсау керек, тіпті бұл қаржы жергілікті жерлерде игеріліп, халыққа әлеуметтік көмек көрсетілгені дұрыс болар еді. Алайда бұл жасалмаса, онда қаржы алынады»,- деді Н.Назарбаев.