Бюджеттің игерілмеуі созылмалы проблемаға айналды - Мәжіліс депутаты Азат Перуашев
АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бюджеттің орындалмауы созылмалы проблемаға айналды, деп бағалады.
«Бюджеттің орындалуына байланысты Үкімет пен Есеп комитеті Парламентке өз есептерін таныстырған сайын бюджеттің орындалмауы созылмалы проблемаға айналғанын көрсетіп отыр», - деді А. Перуашев.
Оның сөзіне қарағанда, мемлекет бөліп отырған қаржының елеулі көлемі азаматтардың өмірін жақсартудың орнына, мемлекеттік құрылымдардың, жеке банктердің есеп-шоттарында тұралап қалуда. Және бұл проблема жыл сайын артып келеді.