Біз батыл әрекет ететін Үкімет боламыз – Олжас Бектенов

олжас бектенов
Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министр Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын іске асыруға арналған кеңесте министрлерді қағазбастылықтан арылуға шақырды.

«Біз батыл әрекет ететін Үкімет боламыз. Бізге өсу қарқынын тиімді ұлғайтып, экономиканы белсендірек әртараптандыруға, инвестиция тартып, барлық міндеттерді шешуге қажетті өкілеттіктердің бәрі берілді», - деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы формализм мен бюрократияны жоя отырып, стереотиптерден арылу қажеттігін айтты.

«Министрлер өз бетінше шешім қабылдай білуге тиіс, салалық мәселелерді өз деңгейінде жедел шешулері қажет. Жұмыс қарқыны жоғары, талап қатаң болатынын әркім түсінуі тиіс», — деп қорытындылады Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар