Біз мұнайдың әлеуетін толық пайдаланып жатқан жоқпыз – Ардагер мұнайшы

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзіндегі мұнай қорының 2 пайызы Қазақстанда. Ол болашақ үшін де жеткілікті. Бұл туралы Шымкент мұнай өңдеу зауытында 37 жылдан бері жұмыс істейтін ардагер мұнайшы Kazinform тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

Біз мұнайдың әлеуетін толық пайдаланып жатқан жоқпыз – Ардагер мұнайшы
Фото: Марат Балданбаевтың жеке мұрағатынан

– Қазақстанда мұнай қоры үлкен. Бірақ мені қынжылтатыны – бізде шетелдік компаниялар өте көп. Соны біртіндеп қазақстандық мамандарға берсек. Қазір талапты, білімді жастар жеткілікті. Соларға сенім артсақ, - дейді Марат Балданбаев.

Білікті маман еліміздің мұнай саласындағы мүмкіндігі туралы да пікір білдірді.

– Қашағанда сапасы өте жоғары мұнайлар шығады. Шетелдің мұнайынан кем емес. Бірақ біз сол мұнайдың бетіндегі қаймағының бәрін шетелге жіберіп жатырмыз. Тіпті, мұнайдың сапасын әлі де жақсартып, тазалауға мүмкіндігіміз бар. Елімізде мұнайдан көп нәрсе әлі алынбайды. Мысалы, мотор майларын шығара алмай отырмыз. Оны шетелден сатып аламыз. Сондай мотор майларын өндіретін цехтар соқсақ, зауыттарымызға енгізсек. Мұнайдан көп нәрсе алуға болады ғой. Одан бөлек, мұнай өнімдерінен шығарылатын көптеген затты шетелден алдырамыз. Бірақ ол тауарларды өз елімізде де өндіруге болады. Біріншіден, сол заттарды шығаратын кәсіпорын соғу керек. Оған инвестиция керек. Жалпы алғанда, қолымыздағы мұнайдың әлеуетін әлі толық пайдаланып жатқан жоқпыз. Бірақ қазір бірнеше қалада шағын кәсіпорындар ашылып, шетелден заманауи қондырғылар сатып алып жатыр. Бұл да алға жылжудың белгісі. Болашақта ары қарай дамитынына сенімім бар, - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар