Бізді үйде күтеді: Ақмола облысының оқушылары жүргізушілерге әсерлі хаттар жолдады
АСТАНА. KAZINFORM — Жазғы демалыс алдында Ақмола облысында 1000-нан астам оқушы жүргізушілерге жол қауіпсіздігі туралы еске салды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
— Балалар «Жылдамдықты асырмаңыз», «Бізді үйде күтеді», «Жаяу жүргіншіге абай болыңыз» деген үндеулер жазылған хаттар мен суреттер дайындады. Хаттарды оқушылар полиция қызметкерлерімен бірге жүргізушілерге табыстады, — делінген хабарламада.
Көпшілік балалардың шынайы сөздері ерекше әсер еткенін айтты. Бұл хаттар жүргізушілерге жауапкершілікті еске салып, ойландырары сөзсіз.
Айта кетейік, бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді.