БЖЗҚ Air Astana акцияларының бір бөлігін сатты

АСТАНА. KAZINFORM – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2025 жылдың үшінші тоқсанында Air Astana әуе компаниясының 129,1 мың акциясын сатқан. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) деректерінде көрсетілген.

БЖЗҚ
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Сатылған көлем қордың жалпы акциялар пакетіндегі 0,55 пайыз ғана. Қордың аталған компаниядағы үлесі қазіргі таңда 23,35 миллион акцияны қамтиды.

Нарықтық жағдайға сай, сатылған бағалы қағаздардың жалпы құны шамамен 91,1-105,6 миллион теңге аралығында бағаланған.

Еске сала кетейік, қор нарығына шығарылған Air Astana акциялары әуелгі бағасынан 30 пайызға жуық арзандаған. Бұл туралы Kazinform агенттігінің сауалына «Самұрық-Қазына» АҚ жолдаған ресми жауабынан оқи аласыз.

Сонымен қатар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасын Air Astana-ға салуды нәтижесі туралы жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар