БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы 11,15 трлн теңгеден асты
АСТАНА. KAZINFORM – 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 995,04% инфляция кезінде 1 109,05% болды.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) бастап жинақталған ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық табыс 11,15 трлн теңгеден асты. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жүргізілген төлемдер есебімен бірге 41,4% болды, бұл инвестициялық кірістің азаматтардың зейнетақы жинақтарының ұлғаюына елеулі үлесін растайды.
ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың шілдесінен бастап 2026 жылдың маусымына дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,51 трлн теңге болды, осы кезеңдегі кірістілік 10,29% болды.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 122,77 млрд теңге болды, кірістілік 16,84%.
Еске сала кетейік, зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Кірістілік деңгейі қаржы құралдарының, валюта бағамдарының және кезеңнен кезеңге дейінгі өзге де көрсеткіштердің нарықтық құнының құбылмалылығына байланысты екенін атап өту маңызды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн.
1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 995,04% инфляция кезінде 1 109,05% болды.
Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы.
Бұл ретте салымшылар ИПБ жұмыс істейтін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдай алады:
-
жасына қарамастан барлық салымшыларға сәйкес келетін Ki (12) портфелі. Ол бойынша ең төменгі кірістілік деңгейі соңғы 12 айда бағаланады;
- Ki (36) портфелі, ол зейнетке шыққанға дейін кемінде 3 жыл қалғандарға арналған. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі 36 айдың қорытындысы бойынша бағаланады;
- ұзақ мерзімді көкжиегі (зейнеткерлікке шыққанға дейін 13 жылдан астам) бар салымшыларға арналған Ki (60) портфелі. Ең төменгі кірістілік деңгейі 60 ай ішінде анықталады.
Айта кетелік Қазақстанда зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа тәртібі түсіндірілген еді.