Cәбина Алтынбекова жаңа маусымға дайындықты қайда бастайтынын айтты

Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова жаңа маусымға дайындық барысы туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Волейболшы
Фото: Сабина Алтынбекованың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Ол қуанышты жаңалығын Instagram парақшасындағы сторисінде бөлісті. 

«Өмірімде үлкен өзгеріс болып жатыр. Жаңа маусымға дайындықты елордада бастаймын», - деп жазды Сәбина Алтынбекова. 

Айта кетейік, отандасымыз 2022/2023 маусымды «Аль-Васл» командасының (БАӘ) сапында өткізді. Бірақ аталған команданың биылғы маусымдағы тізіміне қазақстандық ойыншы енбеді. 

Соңғы жаңалықтар