Caspian Sea Action Week аясында Ақтауда Каспий маңы елдерінің Достық аллеясы ашылды
АСТАНА. KAZINFORM - Ақтауда Caspian Sea Action Week – 2026 халықаралық жобасы аясында Каспий маңы елдерінің Достық аллеясы салтанатты түрде ашылды.
Жаңа аллея Каспий маңы елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нышанына айналды, деп хабарлайды ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген волонтерлер қатысты.
Достық аллеясында келер ұрпаққа арналған арнайы капсула қойылды. Оған Каспий өңірі елдерінің ортақ тарихы, мәдени байланысы мен табиғи мұрасы туралы үндеу салынды.
Caspian Sea Action Week – 2026 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бастама негізінде БҰҰ жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясында өтіп жатыр.
Халықаралық апталық аясында азаматтық белсенділікті арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған волонтерлік бастамалар жүзеге асырылады.
Осыған дейн елімізде волонтерлікті дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатқаны туралы жаздық.