Целиноград ауданында 28-ші облыстық «Ақбидай» спартакиадасы өтеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында 28-ші облыстық «Ақбидай» спартакиадасы өтеді.

Целиноград ауданында  28-ші облыстық «Ақбидай» спартакиадасы өтеді

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола облысының әкімдігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Целиноград ауданының әкімдігі қолдау білдіріп отырған шара тамыздың 13-15 аралығында Ақмол ауылында жаңадан салынған стадионда өтеді деп жоспарланған. Оған облыстың 17 ауданы мен 2 қаласынан жиналған 1 мыңға жуық адам қатысып, спорттың 9 түрі бойынша бақ сынамақ.