Целиноград ауданында 50 оқушыға арналған бастауыш мектеп ашылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында 50 оқушыға арналған бастауыш мектеп есігін айқара ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

1-ші қыркүйек - Білім күні Бірлік ауылында пайдалануға берілген бастауыш мектептің жөндеу жұмыстары мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында қолға алынды. Осы орайда, «Шаңырақ» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры Александр Лоренц 8 миллион теңге қаржы бөлгенін айта кеткен жөн. Бұл қаржыға 30 орындық мектеп, 50 оқушыға шақталып жөнделген.

Александр Лоренц Ақмола өңірінің тумасы, бір кездері Германияға қоныс аударып, кейін туған жеріне қайтып оралады. Осы күні ол басқаратын «Шаңырақ» басқарушы компаниясы» ЖШС елімізге тауық етін өндіретін «Capital Projects LTD» ЖШС-ның құрылтайшысы.
Мектептің ашылуы салтанатына аудан әкімі Мəлғаждар Тəткеев пен «Ақмола-Феникс» АҚ бас директоры Максим Божко жəне ауыл тұрғындары қатысты.

Аталмыш мектеп ауыл балаларының сапалы білім алуы үшін қажетті қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған. Жаңа бiлiм ғимаратының ашылғанына қуанған ауыл тұрғындары мемлекетке де, осы игiлiктi iске күш жұмсаған барлық сала мамандарына да алғыстарын айтуда.

Сонымен қатар, шара барысында аудан əкімі 1-ші сыныпқа баратын мүгедек бала (ДЦП) Болат Жанасылға компьютер жəне мектепке қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты.

Соңғы жаңалықтар