Целиноград ауданында жүк көлігіне қарулы шабуыл жасаған үш күдікті құрықталды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер басқармасының деректеріне сәйкес өткен сейсенбі күні түн уағында «КөкшетауАрасансу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «КамАЗ» жүк көлігіне қарақшылық шабуыл жасаған үшеу құрықталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жүктерін Егіндікөл аудан орталығы мен Астана қаласындағы сауда нүктелеріне өткізіп, кейін оралып келе жатқанда жүрізуші соңдарынан елу шақырымдай ілесіп жүрген жеңіл көлікке күдіктене қарайды. Егіндікөлден Целиноград ауданына өткенде басып озған «БМВ» маркалы жеңіл көлік ұзап барып күтіп алып, қарсы беттен мылтықпен оқ жаудырады. Сол мезетте жүк көлігі жолдың шетіне шығып, тоқтап қалады. Сәл жарақат алған экспедитор полиция қызметкерлеріне хабарласып, жағдайды мәлімдеген. Ауыр дене жарақатын алған жүргізуші дереу ауруханаға жеткізіліп, қажетті ем-дом жасалып, аман қалды. Ал қарақшылар болса іздерін суытып кетіп қалады. Көліктің нөмірі анықталып, иесі іздестіріледі. Жедел іздестіру шаралары барысында олар Егіндікөл ауданының тумасы, 1991 жылғы азаматтар болып шықты. Біреуі Егіндікөл ауылында сауда орнындағы сатушының ағайыны көрінеді. Қазір тергеу амалдары жалғастырылуда. Жалпы облыс бойынша жыл басынан бері қаруға қатысты тіркелген үш қылмыстық әрекеттің әлі екеуі ашылған жоқ.
Соңғы жаңалықтар