Целиноград ауданының әкімі тағайындалды – Ақмола облысы

Бақытбек Амантайұлы 1968 жылы Ақмола облысының Макинск қаласында туған. 1992 жылы Целиноград инженерлік – құрылыс институты бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Макинск қаласындағы «Перспектива» шағын кәсіпкерлігінде прораб ретінде бастаған.
2007-2010 жылдары Бұланды ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі, Бұланды ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Бұланды ауданының құрылыс бөлімінде басшылық қызметтерде болды.
2010-2015 жылдары Петропавл, Көкшетау және Нұр-Сұлтан қалалары әкімдіктерінде бөлім басшысы лауазымын атқарды.
2015-2018 жылдары Целиноград ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.
2018 жылдың 19-ші сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы қызметін атқарды.