12:34, 16 Мамыр 2012 | GMT +5
Cемейлік Т. Тоқтасынов - бильярдтың «Құрастырмалы пирамида» түрінен Қазақстан чемпионы
АЛМАТЫ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда 13-15 мамыр күндері бильярдтың «Құрастырмалы пирамида» түрінен 1994 жылға дейінгі жастар арасында ХІ Қазақстан чемпионаты өтті.

Ақтық сында павлодарлық Азамат Әубәкіровты 5:1 есебіме ұтқан семейлік Тәлімжан Тоқтасынов жеңімпаз атанды. Оларға жартылай финалда жеңілген байқоңырлық Темірлан Күшеров пен теміртаулық Медет Тұяқов 3-4 орынды бөлісті. Ал чемпионаттың ең жас қатысушысы атанған 10 жастағы алматылық Нұрлыбек Жүнісбек 30 бильярдшының арасынан 27 орын алды. Ол бұған дейін 11-12 мамыр күндері «Еркін пирамидадан» өткен ел чемпионатында 32 тастаяқшының арасынан 24 орынға табан тіреген еді. Онда Медет Тұяқов бірінші, Темірлан Күшеров үшінші, Азамат Әубәкіров жетінші, Тәлімжан Тоқтасынов он төртінші орын алған болатын.