«Central Asia Cement» АҚ-нан мемлекет бюджетіне 26,4 млн. теңге өндіріліп, салық заңнамасын бұзғаны үшін 13 млн теңгеге айыппұл салынды

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокурорының және Қарағанды облысы прокурорының тапсырмасы бойынша Теміртау қалалық прокуратурасы қалалық салық басқармасы мен Нұра-Сарысу экология департаменті мамандарын тарта отырып, «Central Asia Cement» АҚ-ы қызметіндегі табиғатты қорғау заңнамасының сақталуына тексеру жұмыстарына жүргізді.
None
None

Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.

Тексеру барысында, ауаға шығарылатын зиянды заттарды тазалауға және оларға бақылау жасауға қажетті құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланбауы және экологиялық және салық заңнамасы талаптарының бұзылғандығы, қоршаған ортаға эмиссия үшін бюджет төлемдерін, оның ішінде нормативтен тыс шығарындыларға да толық төлемегендігі белгілі болған. Кәсіпорында ауаны ластайтын қалдықтардың нормадан тыс шығарылғандығы анықталған.

Атап айтқанда, жобаға сәйкес кәсіпорын үшін ауаға шығаруға рұқсат етілген шығарындылар шегі 2007-2011 жылдар кезеңінде №1 айналмалы пештің тозаң-газды қоспа шығыны тазалау жүйесінің жұмыс режімінсіз жылына 300 сағатты құраған. Бірақ жұмыстардың технологиялық журналдарын тексеру барысында, №1 айналмалы пеш нақты жұмыс істеп тұрған уақытта тозаң-газды қоспа шығынын тазалаусыз 528 сағат жұмыс істеген. Бұл жылдық рұқсат етілген шығарындылар шегінен 228 сағатқа артық. Осылайша, ауаға тараған бейорганикалық тозаңның шығарылымы 228 сағат жұмыс істеу барысында 367,1532 тоннаны құраған. Бұл ақшамен есептегенде 26,4 миллион теңгені құрайды.

Тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар кәсіпорын басшылары тарапынан қажетті бақылаудың жоқтығының, ауаның ластануына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдамауының, сонымен қатар қоршаған ортаға эмиссия үшін бюджет төлемдерін толық қамтамасыз етпегендігінің нәтижесінде орын алып отыр.

Тексеру қорытындысы бойынша, Теміртау қалалық прокуратурасы қалалық салық басқармасына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізді. Соның нәтижесінде аталған кәсіпорын мемлекеттік бюджетке 26,4 миллион теңге кіріс берді. Сондай-ақ қалалық прокуратураның ұсынысы бойынша «Central Asia Cement» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.

Соңғы жаңалықтар