17:56, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
«Цесна-Астық» концернінде макарон цехы ашылды
АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Әбденов «Цесна-Астық» концернінің» жаңа технологиялық жел енгізілген макарон цехын аралады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Цесна-Астық» концерні» ЖШС тауар айналымының көлемі жағынан Қазақстандағы жүз ірі кәсіпорынның қатарындағы жетекші компаниялардың бірі. Бүгіндері мұнда 600-ге тарта жұмысшы еңбек істеуде.
Вице-министр концерннің «Астықжан» сауда үйіне де бас сұғып, ондағы азық-түлік бағаларымен танысты. «Бұл концерн егін егуден бастап, оны өңдеп, сатуға дейінгі толық өнімдік цикл жасап отырған мекеме. «Цесна Астық» әлеуметтік міндеттемелерді барынша ұқыпты орындауға да барлық күштерін салып келеді»,- дейді С.Әбденов.