Цеснабанк мемлекеттік бағдарламамен шағын және орта бизнесті несиендіру бойынша бөлінген қаржыны игеру жағынан көш бастап келеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Цеснабанк» АҚ-ы шағын және орта бизнес субьектілерін мемлекеттік бағдарлама бойынша несиелендіруде игерілген қаржының көлемі жағынан көш бастап келе жатыр,

Цеснабанк мемлекеттік бағдарламамен шағын және орта бизнесті несиендіру бойынша бөлінген қаржыны игеру жағынан көш бастап келеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Банк «Даму» қорынан шағын және орта бизнес субьектілерін қаржыландыру үшін 3,3 миллиард теңге алған болатын. Шілденің 1-іне дейінгі мерзімге берілген бұл қаржының сәуірдің 6-сына дейін 45,9 пайызы игерілді. Бұл мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қатысып жатқан банктердің арасында ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. Қазіргі таңда банк Астана қаласындағы шағын және орта бизнес субьектілерін қаржыландырудағы 1,8 миллиард теңгелік өз міндеттемесін 68,4 пайызға игерді.