Цеснабанк жарғылық капиталын 5 млрд. теңгеге арттырды
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Цеснабанк» АҚ 5 млрд. теңгенің 5 млн. дана қарапайым акцияларын орналастыруды аяқтады.
Бұл жайында бүгін аталған банктің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерде хабарланған.
«2010 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша банктің орналастырылған қарапайым акциялары 20,5 млрд. теңге сомасында 20,5 млн. дананы құрады. Ал басымдықты дәрежелі акциялар 2,5 млрд. теңге көлемінде 2,5 млн. данаға жетті. Орналастыруға ұсынылған акциялар инвесторлар арасында сәтті іске асырылды»,-делінген таратылған мәліметте.
Осылайша, «Цеснабанк» АҚ-ның жарғылық капиталының өсімі 27,8 пайызды құрап, 23 млрд. теңгеге жетті.
Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша банктің активтері 227,2 млрд. теңгені құрады. Сондай-ақ жеке капитал 23,6 млрд. теңгеге жетті. Таза кіріс 611 млн. теңгені құрап отыр