Цезий изотобын сатпақшы болған қарағандылықтар сотталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында цезий-137 изотобын сатпақшы болғандардың 2-еуі 4 жылға, қалған 2-еуі 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қазыбек ауданының соты.
None
None

Соттың мәліметінше, айғақ ретінде тәркіленген зат цезий-137 радиоактивті элементі қылмыстық іс аяқталғанша ерекше сақтау қоймасында болды. Соттың ұйығарымы бойынша қорғасын цилиндрінің көзін жою шешімі қабылданды.

Іс материалдарына сәйкес, «Қазақмыста» жұмыс істеген Жезқазған қаласының тұрғыны 20 жылдан астам уақыт аталған капсуланы сақтаған. Өткен жылдың жазында ол адам мен қоршаған орта үшін өте қауіпті радиоактивті элементті осы қылмыстық топ ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне 250 мың АҚШ долларына саудалаған. Күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Айта кету керек, цезий-137 изотобы элементінің әлем бойынша барлық қоры 180 мың тонна. Ал жылына небәрі 9 тонна өнім өндіріледі.

Соңғы жаңалықтар