ChatGPT енді ұзын сызықшаларға негізделген мәтіндерді оқи алмайды
АСТАНА.KAZINFORM - OpenAI компаниясының бас директоры Сэм Альтман X әлеуметтік желісінде ChatGPT қызметіндегі жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Kazinform.
Оның айтуынша, модель мәтін стиліне қатысты пайдаланушы нұсқауларын дұрыс енгізе бастады, атап айтқанда, жасанды интеллектінің айқын белгісі болған сызықшаларды пайдаланудан бас тартты.
- Кішкентай болса да қуанышты жетістік: егер сіз ChatGPT-ге берген нұсқауларыңызда сызықшаларды пайдаланбауды айтсаңыз, ол сіздің сұрағаныңызды орындайды, - деп жазды ол.
Альтман бұл пайдаланушы сұранысы бұрын сәйкессіз орындалғанын, бірақ қазір өзгеріс бүкіл жүйе бойынша енгізілгенін атап өтті.
Бұл жаңарту мәтінді пішіндеу, жазу стилі және жауап құрылымы сияқты пайдаланушы қалауларының дәлдігін арттыруға бағытталған бірқатар жақсартулардың бөлігі.
Біз бұған дейін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы OpenAI-мен ChatGPT-дің қазақша қызмет сапасын бірлесіп арттыруға келіскенін хабарлаған едік.