20:54, 08 Мамыр 2017 | GMT +5
Чавес Головкиннің келесі қарсыласы - Альварестің соққысы ауыр тимегенін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес жақында өзі есе жіберген Сауль Альварестің жұдырығының күші онша таңғалдырмағанын айтты. 6 мамырда бұл боксшылар Лас-Вегаста айқас өткізді, онда судьялардың бірауызды шешімімен Альварес жеңіске жетті.
«Альварес маған ауыр соққы дарыта алмады. Ол табиғи мықты нокаутер боксшы емес. Оның соққысын сездім, бірақ еш жерім ауырмады. Жанкүйерлерімнен кешірім сұраймын», деген кіші Чавестің сөзін келтірді BoxingScene.
16 қыркүйекте Альварес Геннадий Головкинмен жұдырықтасады.