Чехия мен Словакия революцияның 20 жылдығын атап өтуде

АСТАНА.  Қарашаның  17-сі.  ҚазАқпарат - Бүгін  Чехия мен  Словакия   «барқыт  революциясының»    20 жылдығын  атап  өтуде, 

Чехия мен  Словакия   революцияның   20 жылдығын  атап өтуде

 деп   хабарлайды  «Азаттық»  радиосы. 

 Чехословакиядағы  коммунистік  режімнің    қантөгіссіз    құлатылғанына   20 жыл    толып отыр.    1989 жылы қарашаның 17-де  полиция  Прагада    студенттердің  бейбіт  шеруін     тоқтатқан болатын. Осыдан кейін   басталған    бұқаралық  шерулер  коммунистерді  билік  басынан  кетуге  мәжбүр етті.  1990 жылы Чехословакияда  соңғы 40 жылдағы  алғашқы демократиялық  сайлау   өткен  еді.  Ал  тағы үш жылдан кейін  ел   екі тәуелсіз   мемлекетке    ыдырап, Чехия мен  Словакия   елдері     дербес  мемлекетке  айналды.