07:45, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Чехияның L-39 ВВС оқу ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Чехияның L-39 ВВС оқу ұшағы жаттығу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Лента.ру агенттігі Associated Press агентігі мен елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып. L-39 бортының ішіндегі екі ұшқыш құтқарылып үлгерген.

Олардың өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ.
Елдің қорғаныс ведомствосы хабарлағандай, ұшақ Пардубицтегі ВВС базасынан әуеге аттанған соң, Прагадан батысқа қарай 100 шақырым жерде апатқа ұшыраған. Алдын ала болжам бойынша ұшақтың қозғалтқышы істемей қалған, алайда оқиғаның нақты себептері тергеу амалдары аяқталғаннан соң жария болады.