«Челябі-Новосібір» автожолында үш көлік соқтығысып, 9 адам зардап шекті
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы аумағында «Челябі-Новосібір» автожолында үш көлік соқтығысып, 9 адам зардап шекті,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, 30 шілде күні «Челябі-Новосібір» автожолында 2 «Ваз» және «Сеат» көліктері соқтығысып қалған. Жол көлік апаты салдарына түрлі дене жарақатын алған 9 адам ауруханаға жеткізілді.