Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бүгін Алматыда «Сутьескамен» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан UEFA Чепиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» өз алаңында Черногорияның «Сутьеска» командасын қабылдайды.

ч
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 20:00-де Алматы қаласындағы «Орталық стадионда» басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Черногориялық клуб алғаш рет 1927 жылы құрылған. Команда Югославияның бірінші лигасында алғаш рет 1964 жылы ойын көрсетті. Олар жоғары лигада бақ сынауға мүмкіндік алған черногориялық екі клубтың бірі саналады. Нәтижесінде «Сутьеска» халықаралық беделге ие болды және Еуропада жақсы көрсеткішімен көзге түсе бастады. Осының нәтижесінде олар Черногория мен Никшичте үздік спорттық қоғам ретінде ерекшеленді.
Югославия тарағаннан кейін «Сутьеска» Югославия Республикасы жоғары лигада ойын көрсетуін жалғастырды. Сондай-ақ олар еурокубок ойындарының тұрақты қатысушы ретінде ерекшеленеді.

Қазақстандық жанкүйерлер олардың 2018/2019 жылғы маусымда елордалық «Астанамен» кездескенін жақсы біледі. Бұл жолы олар екі кездесуде 0;1, 0:2 есебімен жеңіліп, жарыс жолын алғашқы кезеңде аяқтады. Команда сапында сол уақытта ойнаған 36-жастағы қақпашы Владане Гильене бар. Қалған футболшылар өз клубтарға ауысты немесе мансабын аяқтап үлгерді.

Қазақстандық команда бірінші іріктеу кезеңінен іркілмей өткен жағдайда олар Кипрдің «Омония» клубымен шеберлік байқасады.

Бұл командамен алматылық команданың жолы бұдан бұрын 2021/2022 жылғы маусымда Конференция лигасы топтық кезеңінде түйіскен еді. Ол жолы екі кездесуде де 0:0 есебі тіркелді. 

Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Айта кетсек, Конференция лигасындағы ойындарын «Астана» және «Елімай» бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. Алғашқы іріктеу кезеңінде «Астана» Албанияның «Динамо Сити», семейлік «Елімай» Арменияның «Алашкерт» клубтарымен шеберлік айқасады.

Ал қостанайлық «Тобыл» еурокубок ойындарын Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінен бастайды.