Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» екінші іріктеу кезеңіне шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Черногорияның «Сутьеска» командасына қарымта ойын өткізді.

футбол
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Алғашқы кездесуде алматылық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түскен еді. Нәтижесінде олар қарымта кездесуде қарсыласынан екі доп айырмасымен жеңілмеуі тиіс еді.

Бүгінгі кездесу барысында командалар алғашқы минуттан тартысты ойын өткізді. Десе де бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде қазақстандық команда сапынан 68-минутта Исмаил Бекболат гол соғып, өз командасын алға шығарса, 82-минутта Жоржиньо қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша олар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Енді алматылық клуб екінші іріктеу кезеңінде Кипрдің «Омония» клубымен шеберлік байқасады.

Бұл командамен алматылық команданың жолы бұдан бұрын 2021/2022 жылғы маусымда Конференция лигасы топтық кезеңінде түйіскен еді. Ол жолы екі кездесуде де 0:0 есебі тіркелді.

Екінші іріктеу кезеңі 21-22 және 28-29 шілде күндеріне белгіленген.

Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.