Чемпиондар лигасы: «Қайрат» елордада «Брюгге» командасына есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі жетінші турында бүгін қазақстандық «Қайрат» (Алматы) елордада Бельгияның «Брюгге» (Брюссель) командасымен кездесті.

Қайрат
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Биылғы турнирде командалар жанкүйер сенімін ақтай алмай келеді. Алматылық клуб қазірге дейін алты кездесудің бесеуінде жеңілістің ащы дәмін татып, біреуінде тең нәтижеге қанағат білдірді.

Ал бельгиялық команда бір мәрте жеңіп, біреуінде тең түссе, қалғанында қарсыластарына есе жіберді.

Қайрат
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сондықтан екі команда үшін бүгін жеңіске жетудің маңызы артты. Алғашқы минуттан бірден шабуылға көшкен қарсыластар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Дегенмен бельгиялық команданың есеп ашатын мүмкіндігі көбірек байқалды.

Ойынның 32-минутында «Брюгге» сапынан Александар Станкович мергендік танытса, Ханс Ванакен 38-минутта есепті үстемелей түсті.

Қайрат
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Екінші кезеңде қазақстандық команда шабуылға көбірек көңіл бөлді. Көп сәтте дәлдік жетіспей жатты. Есесіне өз қақпасына тағы екі гол жіберіп алды. Оны бельгиялық клуб сапынан Ромео Верман 74, Ромео Верман 84-минутта өзінің еншісіне жазды.

Қайрат
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ал «Қайрат» сапынан Әділет Садыбеков 92-минутта бір голмен жауап қайырды.

футбол
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Осылайша алматылық клуб қарсыласынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

футбол
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Қазірге дейін «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Енді алматылық клуб алдағы ойынын 28 қаңтарда Англияның «Арсенал» командасына қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар