Чемпиондар лигасы: «Қайрат» шабуылшысы Жоржиньо «Арсенал» қақпасына гол соқты

АСТАНА. KAZINFORM - UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің сегізінші турында қазақстандық «Қайрат» командасы Англияның «Арсенал» қақпасына гол соқты.

Желто-черные в сердце Англии: атмосфера вокруг матча «Арсенал» — «Кайрат»
Фото: Kazinform

Ойынның 7-минутында алматылық клубтың шабуылшысы Жоржиньоны лондондық команда қорғаушылары өз алаңында шалып жықты. Швейцариялық бас төреші Урс Шнидер «Арсенал» қақпасына пенальти белгіледі. Оны Жоржиньоның өзі мүлтіксіз орындады.

Оған лондондық клуб сапынан Виктор Дьёкереш 2-минутта есеп ашқан еді. Осылайша таразы басы теңесті. Есеп 1:1.

Лондондық клубтан Кай Хаверц 15-минутта гол соғып, өз командасын алға шығарды.

«Арсенал» сапынан бүгін жарақатына байланысты қорғаушылар Уильям Салиба мен Юрриен Тимбердің алдағы кездесуге қатысудан тыс қалып отыр. Олардың орнын қосалқы құрамнан жас футболшылар басуы ықтимал.

Сондай-ақ бүгін жанкүйерлер Микель Мерино мен Деклан Райстың ойынын тамашалай алмайды. Олар негізгі кезеңдегі жеті кездесуде үш мәрте сары қағаз алып үлгерген еді.

Ал «Қайрат» сапынан Дастан Сәтпаев пен Азамат Тұяқбаев жарақатына байланысты командамен Лондонға келген жоқ.

Осыған дейін негізгі кезеңде «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Соңғы жаңалықтар