Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» сырт алаңда «Галатасарайға» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы турының бірінші ойын күні өтті.
Бұл күні Англияның «Ливерпуль» командасы сырт алаңда «Галатасарай» клубымен кездесті. Ойын тағдырын жалғыз гол шешті. Оны түркиялық клуб сапынан Марио Лемина 7-минутта соққан еді. Осылайша англиялық команда қарсыласына 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
10 наурыз
«Аталанта» (Италия) - «Бавария» (Германия) 1:6
«Атлетико Мадрид» (Испания) - «Тоттенхэм Хотспур» (Англия) 5:2
«Галатасарай» (Түркия) - «Ливерпуль» (Англия) 1:0
«Ньюкасл» (Англия) - «Барселона» (Испания) 1:1.
Енді 11 наурызда 1/8 финалда тағы төрт ойын өткізіледі.
11 наурыз
«Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Челси» (Англия)
«Реал Мадрид» (Испания) - «Манчестер Сити» (Англия)
«Будё-Глимт» (Норвегия) - «Спортинг Лиссабон» (Португалия)
«Байер Леверкузен» (Германия) - «Арсенал» (Англия).
Бұл күнгі ойындардың арасынан Қазақстан уақытымен 22:35-те «Байер Леверкузен» (Германия)
– «Арсенал» (Англия), 00:50-те «Реал Мадрид» (Испания) – «Манчестер Сити» (Англия)
«Qazsport», «Пари Сен-Жермен» (Франция) – «Челси» (Англия) кездесуі «Qazaqstan» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
1/8 финал ойындары 10-11, 17-18 наурыз күндері өткізілсе, 1/4 финал 7-8, 14-15 сәуір күндеріне белгіленген.
Жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда болса, финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.
Бұдан бұрын Жәнібек Әлімханұлының ресми түрде әлем чемпионы титулынан айырылғанын жазған едік.