Чемпиондар Лигасы: Астана мен АПОЭЛ арасындағы футбол матчы елордада өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясындағы Астана мен АПОЭЛ (Кипр) арасындағы футбол матчы Қазақстанның елордасында өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Чемпиондар Лигасы: Астана мен АПОЭЛ арасындағы футбол матчы елордада өтеді

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков растағандай, аталмыш футбол матчын 2015 жылдың 18 тамызында "Астана Арена" стадионында өткізу туралы тараптар келісімге келген.